Қазақстан шетелдік қонақтардың «ЭКСПО-2017» көрмесіне келуін жеңілдету үшін 45 мемлекетке визасыз режим енгізді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан көрменің халықаралық қатысушыларының III жиналысында жарияланды.
Ұйымдастырушылар 5 млн-ға жуық келу күтеді. Келушілердің 85%-ы – қазақстандықтар, 15%-ы – шетелдіктер болмақ, олар негізінен ТМД елдері мен Қытайдан келеді. Еуропадан, Түркиядан және АҚШ-тан да туристер көп келеді деп күтілуде.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов New York Times газеті Қазақстан мен көрмені 2017 жылы баруға тұрарлық орындар тізіміне енгізгенін айтты.
Оның сөзінше, қазіргі ахуал қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Команда Милан мен Шанхайдағы көрмелердің, Сочи мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының тәжірибесін зерттеді. Құқық қорғау органдары және әлемдік ірі компаниялардың сарапшыларымен бірге «қауіпсіздіктің барлық бағыты бойынша операциялық жоспар» әзірленді. Оның мақсаты – көрменің барлық қатысушысын барынша қорғау.
Көрме Астанада 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді. Оған 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатынын растап үлгерді, «ЭКСПО-ны» шетелде насихаттау жалғасып жатыр.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



