WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Билли Джо Сондерс жазда қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы allboxing.ru хабарлады.
26 жастағы Сондерс өз титулын 30 сәуірде Лондонда алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы — 31 жастағы украиналық Максим Бурсак.
«Мен үнемі жұмыс үстінде болып, жекпе-жек өткізіп тұруым керек», — деді британдық боксшы дайындығы туралы. Оның айтуынша, алдағы кездесуге салмақты қарайды: «Алдағы жекпе-жекті жаттығу ретінде көріп отырған жоқпын».
Сондерс келесі қарсыласы ретінде әлемдегі ең үздік орта салмақтағы боксшы саналатын Головкинді көріп отыр. Боксшы өткен аптада бұл ниетін промоутері Фрэнк Уорренге жеткізгенін және қазақстандықпен жекпе-жектің жазда өткенін қалайтынын айтты. Сондерс сонымен қатар алдағы басқа кездесулерді де атап өтті: Хан мен Канело, Юбэнк пен Блэквелл, сондай-ақ Головкиннің өз жекпе-жегі.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



