Ел чемпионы «Астана» Премьер-лиганың бірінші турында өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңді.
Ойын алдында Премьер-лиганың 2015 жылғы үздік бапкері жарияланды. Бұл атаққа Станимир Стойлов ие болды, марапатты оған Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев табыстады.
Бірінші таймда доп көбіне қонақтардың иелігінде болды. 8-минутта-ақ Деслей Уббинк «Шахтерді» алға шығарды, үзіліске дейін есеп 0:1 күйінде қалды.
Екінші таймда «Астананың» жаңа ойыншысы Джордже Деспотович есепті теңестірді, ал 65-минутта елорда командасының капитаны Танат Нусербаев жеңіс голын соқты.
«Астана» келесі ойынын 20 наурызда Шымкентте «Ордабасымен» өткізеді.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



