Қостанайда патрульдік полиция зергерлік дүкенді тонаудың алдын алып, екі жасты ұстады. Бұл туралы өңірлік «Наша газета» басылымы хабарлады.
Қаскөйлер дүкеннің жылжымалы қақпағын жұлып, кіреберісін бүлдіріп үлгерген, бірақ сол сәтте патрульдік полицейлер жетіп келді. Полицияның мәліметінше, «екі жас тұрғын үйдің кіреберісіне қашып тығылмақ болған».
Кіреберісті тексерген полицейлер ішінде ауыстыратын күртелер, қолғап және балғаның ұшы бар спорттық сөмке тапты. Сұрау барысында ұсталғандардың дүкенді тонамақ болғаны анықталды. Тергеу басталды.
Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, жедел әрекеті үшін жергілікті полиция қызметінің қызметкері мен күзет фирмасының қызметкерлері марапатталды.
Басылымның дерегінше, бұл дүкен 2012 жылы да тоналған — ол кезде қылмыскерлер 70 млн теңгеге жуық әшекей бұйымын ұрлаған. Кейін тонаушылардың бесеуі де ұсталып, сотталды.
Бұған дейін Маңғыстау облысының ІІД пәтер ұрылары төрт күн ішінде Ақтау, Жаңаөзен және Бейнеуде төрт пәтерден шамамен 2 млн теңгенің затын ұрлағанын хабарлаған.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



