Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Кан Дон Вон мен Ким Го Ын Netflix телехикаясында ерлі-зайыпты болады

Сценарийді «Crash Landing on You» мен «Queen of Tears» хиттерінің авторы Пак Чи Ын жазып жатыр.

Кан Дон Вон и Ким Го Ын — исполнители главных ролей в сериале Netflix «Хон»
Фото: SPOTV News

Netflix корейлік «Хон» (혼: 삼각의 시간, ағылшынша нұсқасы – The Twilight Between Us) телехикаясын түсіруді ресми түрде бастап, басты рөлдерді сомдайтын актерлерді жариялады: олар – корей киносының жұлдыздары Кан Дон Вон мен Ким Го Ын. Стриминг жобаны 12 қарашада растады. Режиссері – Netflix-тің «When Life Gives You Tangerines» хит телехикаясын түсірген Ким Вон Сок.

Бұл – жүз жыл бойы араздасып келе жатқан екі ақсүйек әулет туралы тарихи романтикалық экшен. Патша араздықты тоқтату үшін екі әулеттің мұрагерлеріне үйленуді бұйырады, алайда бұл неке күтпеген жағдайларға әкеледі. Телехикаяның атауы корей тіліндегі «хон» сөзінің екі мағынасына негізделген: «неке» және күн мен түннің шекарасы бұлдырайтын «ымырт».

Кан Дон Вон Кан әулетінің некесіз туған ұлы, «Солтүстіктің жыны» атанған, солтүстікте көлеңкеде өмір сүретін жекпе-жек шебері Му Ёнды сомдайды. Ким Го Ынға Хан әулетінің ардақты қызы Су Рённың рөлі бұйырды: ол мұрагер ханзадаға қалыңдық таңдау байқауынан шығып қалған, содан кейін оған құда түсуге тыйым салынған.

Сценарийді «Crash Landing on You», «Queen of Tears» және «The Legend of the Blue Sea» телехикаяларының авторы Пак Чи Ын жазып жатыр. Ким Вон Сок бұдан бөлек «Misaeng», «Signal» және «My Mister» телехикаяларын түсірген.

Премьера күнін Netflix әзірге атаған жоқ. Кан Дон Вон – Кореяның басты кино жұлдыздарының бірі, оны «Peninsula» және «Broker» фильмдерінен біледі. Ким Го Ын «Goblin» және «Little Women» телехикаялары арқылы танымал болды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз