Мазмұнға өту

Винокуров, Сапиев және Тен әйелдерді 8 Наурызбен бейнежолдау арқылы құттықтады

Барлық қазақстандық әйелдерге арналған тілектер жазылған бейнеролик Ұлттық олимпиада комитетінің YouTube-арнасында жарияланды.

Белгілі қазақстандық спортшылар Халықаралық әйелдер күніне орай бейнеқұттықтау жазды. Бейнеролик Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің YouTube-арнасында жарияланды, деп хабарлады Today.kz.

Құттықтау еліміздегі барлық әйелдерге арналған. Бейнежазбаға олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Серік Сапиев, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен, әлем чемпионы Елдос Сметов және басқа да спортшылар қатысты.

Спортшылар мереке қарсаңында қазақстандық әйелдерге жылы лебіздерін арнады.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз