Мазмұнға өту

Шымкент пен Бішкектің жас хоккейшілері «Азиялық дерби» финалында төбелесті

Төбелестен кейін «Армада» мен «Ілбірс» матчының соңғы секундтары ойналмай қалды, 4:3 есебімен қырғызстандық қонақтар жеңді.

Шымкентте өткен «Азиялық дерби» балалар арасындағы халықаралық хоккей турнирінің финалдық матчы төбелеспен аяқталды. Үшінші кезеңнің соңғы минутында шымкенттік «Армада» мен бішкектік «Ілбірс» ойыншылары жағаласып қалды. Бұл туралы «Отырар.кз» тілшісі хабарлады.

Жанжал жас хоккейшілердің кезекті күш қолданып соқтығысуынан кейін басталды. Спорт сарайының мұзына екі команданың барлық қосалқы ойыншылары жүгіріп шықты. Балаларды бас бапкерлер мен төреші ажыратты. Матч төрешісі Олег Левиков ойыншыларды мұз алаңынан шығарып жіберді, ал қалған секундтар ойналмай қалды.

Қырғызстандық «Ілбірс» 4:3 есебімен жеңіске жетті.

«Ілбірстің» бас бапкері Ринат Мұстафаев мұндай жағдай жиі болатынын мойындады. «Иә, балалар хоккейінде команда командамен жиі төбелеседі», — деді ол. Бапкер бұл бірінші орын үшін ойын болғанын да атап өтті.

«Азиялық дерби» турнирі алғаш рет өтті.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз