Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ішкі істер министрлігіне нұсқама берді. Ведомствоға мемлекеттік күзетке жататын нысандарды күзетуге мемлекеттік монополия енгізу және олардың тізбесін қысқарту ұсынылды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған комитетке ІІМ-нің мамандандырылған күзет бөлімшелері көрсететін қызметтің бағасы қымбат деген шағым түсуі себеп болды. Монополияға қарсы орган күзет қызметтері нарығы мен заңнама нормаларын талдады.
Комитеттің пікірінше, мұндай шаралар ІІМ-нің «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметінің бағасын мемлекеттік реттеуге және өзге күзет қызметтері нарығында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді. Тізбе қысқарса, елдегі көптеген нысан мемлекеттік күзетсіз қалуы мүмкін.
Комитет сондай-ақ ІІМ жанындағы «СОП Күзет» АҚ да күзет қызметін көрсететінін еске салды. Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес, бұл компания 2016–2020 жылдары жекешелендірілуге тиіс.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



