Алматының қайталама нарығында пәтер сатушылар наурыздың алғашқы аптасында бағаны сәл көтерді. 7 наурызға қарай шаршы метр 29 ақпанмен салыстырғанда орта есеппен 1,2%-ға қымбаттап, 486 мың теңге, яғни 1408 доллар болды. Бұл деректерді Homsters.kz жылжымайтын мүлік порталының талдаушылары келтірді.
Ұсыныс саны бойынша Бостандық пен Әуезов аудандары бұрынғыдай бәсекелесті. Бір аптада Әуезов ауданында сатылымдағы пәтер саны 6%-ға көбейіп, Бостандық ауданында 1%-ға азайды. Хабарландыру саны жағынан Әуезов ауданы көш бастап тұр.
Сатып алушылар көбіне екі бөлмелі пәтер іздеді. Олардағы шаршы метр бағасы ауданға байланысты: Алмалы ауданында 509 мың теңгеден Бостандық ауданында 531 мың теңгеге дейін.
Алматыдағы ең қымбат аудан Медеу ауданы болып қалды. Онда шаршы метр 728 мың теңге, яғни 1977 доллар тұрды.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



