Ресейлік шабуылшы Андрей Аршавин Астанада «Қайрат» футболшыларымен бірге ойын алдындағы жаттығуға қатысты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Аршавиннің «Қайратқа» ауысқаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда футболшының өзі алматылық клубтың толыққанды ойыншысындай сезінетін сияқты.
«Қайрат» пен «Астана» Қазақстан Суперкубогы үшін дәл осы күні ойнайды. Матч сағат 15:00-де басталады.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



