Мазмұнға өту

Темірлан Мұқатаев 85 келіде Қазақстан чемпионы атанды

Оның қарсыласы Сұлтанбек Айбарұлы 2025 жылы Үндістанда Әлем кубогының финалдық кезеңінде, ал 2026 жылы Бразилиядағы кезеңде жеңіске жеткен.

Темирлан Мукатаев и Султанбек Айбарулы в финале чемпионата Казахстана по боксу в весе до 85 кг

Астаналық Темірлан Мұқатаев 85 келіге дейінгі салмақта бокстан Қазақстан чемпионы атанды. 6 қарашада Таразда өткен финалда ол Сұлтанбек Айбарұлын төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді. Айбарұлы турнирді күміс медальмен аяқтады.

Мұқатаев – жасөспірімдер мен жастар арасында бес дүркін Азия чемпионы. 2026 жылғы шілдеде ол Джакартада U23 Азия чемпионатын жеңіп алды. Айбарұлы 2025 жылы Үндістанда World Boxing Әлем кубогының финалдық кезеңінде топ жарып, 2026 жылы Бразилиядағы кезеңде де жеңіске жетті.

Екеуі де финалға сенімді жолмен шықты. Жартылай финалда Мұқатаев алматылық Бекнұр Батырбекті жеңді: бес төрешінің бәрі 30:27 есебімен оның пайдасына шешті. Айбарұлы бірінші раундты жоғалтса да, үшінші раундта Тимур Нұрсейітовті нокаутқа жіберді.

Ел чемпионаты Таразда 30 қазаннан 6 қарашаға дейін өтіп, оған 20 өңірден 369 боксшы қатысты. Финалдық күні 90 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов Сағындық Тоғамбайды жеңді, ал 65 келіде Абзал Серік олимпиадашы Базарбайұлынан басым түсті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз