Мазмұнға өту

Асем Орынбай Қазақстанға Олимпиада-2028-дің алғашқы лицензиясын әкелді

Қазақстандық мерген жолдаманы финалда бесінші орын алып жеңіп алды, ал жүлделі үштіктің бәрі қытайлық спортшыларға бұйырды.

Финал скита у женщин на чемпионате мира по стрельбе в Дохе, где Асем Орынбай завоевала лицензию на Олимпиаду-2028

Асем Орынбай Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына Қазақстанның алғашқы лицензиясын жеңіп алды. 6 қарашада Дохада өткен Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) әлем чемпионатында ол стендтік атудың бір түрі – скиттің финалында бесінші орын алды. Осы турнир қорытындысы бойынша олимпиадалық квотаға ие болған екі спортшының бірі – Орынбай.

Финалдағы барлық медаль қытайлық спортшыларға бұйырды. Әлем чемпионы атағын 34 нысананы дәл атқан Цзян Итин жеңіп алды. Күміс медаль 32 нысанамен Чэ Юйфэйге, қола Цзян Чаоюйге (27) тиесілі болды. Лос-Анджелес Олимпиадасының екінші лицензиясын турнир жеңімпазы Цзян Итин алды.

33 жастағы Орынбай – стендтік атудағы ең тәжірибелі қазақстандық спортшылардың бірі. Ол Токио мен Париж Олимпиадаларына қатысқан, ал 2022 жылы Хорватияның Осиек қаласында өткен әлем чемпионатында аралас командалық сында қола медаль алған.

Қыркүйекте Жапонияда өткен Азия ойындарында Орынбай жеке скитте қола жүлдеге ие болып, Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық сында күміс алды. Бұл оның Азия ойындарындағы төртінші және бесінші медалі: 2022 жылы Ханчжоуда өткен Ойындарда ол екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған. Бұған дейін Орынбай Алматыда өткен Әлем кубогы кезеңінде де жеңіске жеткен.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз