Мазмұнға өту

Нұрбек Мұрсал ел чемпионатының финалында Қонысбековті жеңді

Агрессивті жекпе-жек мәнері үшін «қазақ Тайсоны» атанған Қонысбеков жазда Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіп алған.

Нурбек Мурсал и Аман Конысбеков в финале чемпионата Казахстана по боксу в весе до 75 кг

Алматылық Нұрбек Мұрсал 75 келіге дейінгі салмақта бокстан Қазақстан чемпионы атанды. 6 қарашада Таразда өткен финалда ол Түркістан облысының өкілі Аман Қонысбековті төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді. Қонысбеков күміс медаль алды.

Екі финалист те биыл құрлық деңгейінде табысқа жеткен жас боксшылар. Қонысбеков жазда Джакартада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Мұрсал сол турнирде 70 келіде күміс алды.

Қонысбеков финалға чемпионаттың ең тәжірибелі қатысушыларының бірін жеңіп шықты: жартылай финалда ол 2017 жылғы әлем чемпионатының және 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұлды 5:0 есебімен жеңді.

Қазақстан бокс федерациясы Instagram-да чемпионаттың финалдық жекпе-жектерінен бейнежазба жариялады.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Ел чемпионаты Таразда 30 қазаннан 6 қарашаға дейін өтті: 20 өңірден келген 369 боксшы ерлер мен әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесі бойынша медаль сарапқа салды. Финалдық жұптар 5 қарашада толық анықталған. Сол күні 85 келіде Темірлан Мұқатаев чемпион атанды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз