Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR Қазақстанға автомобиль бензинін экспорттамақ емес. «Вестник Кавказа» Report.az сайтына сілтеме жасап хабарлағандай, компанияның басты міндеті — ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету.
SOCAR-дағы дереккөздің айтуынша, қазақстандық тараптың сұрауы компанияға келіп түскен, бірақ бензин сатуға мүмкіндік жоқ. «Бізде экспортқа шығаратын бос бензин көлемі жоқ», — деді ол. Әзербайжанда өндірілетін бензиннің дерлік бәрі ішкі нарыққа жұмсалады.
Бұған дейін «Вестник Кавказа» Қазақстан Әзербайжаннан бензин сатып алу туралы келіскенін жазған еді.
Қазақстан Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай тапшылығын жабу үшін Әзербайжан мен Түрікменстаннан бензин импорттау мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, үкімет ұлттық компанияға қазақстандық нарыққа жанар-жағармайды тіпті өзіне шығын болса да әкелуді тапсырған.
Қарабалиннің сөзінше, бірнеше компаниямен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде 69 мың тонна бензин әкелу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



