Алматыдағы бір клубтың жарнамалық постері қазақстандық интернетте дау тудырды. Плакатта орыс ақыны Александр Пушкин мен қазақ композиторы Құрманғазы сүйісіп тұр. Клуб Құрманғазы мен Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Біреулер суретті креативті жарнама деп бағаласа, енді біреулер ұлттық сезімді қорлау деп санады. Үшіншілері мұны гей-клубтың ашық жарнамасы деп шешті.
Постерге қарсы болғандар қатаң сөйледі. Кейбірі жарнама агенттігін тауып, авторларды жазалауға шақырды, енді біреулер гей-клубтардың алдында акция өткізуді ұсынды. Пікір қалдырушылардың бірі сурет рухани құндылықтарды аяққа таптайды деп жазды: «Осы Ұлы адамдардың игі есімі алдында ұяламын».
Жарнаманы қорғағандар әжуамен жауап берді. Бірі Брежнев заманын еске салды: «Бір кездері бүкіл ел Брежневке қарап үнсіз отыратын». Оның пікірінше, жарнама мақсатына жетті, бірақ авторлар көбірек тапқырлық танытып, мысалы, қазіргі саясаткерлерді бейнелей алар еді. Тағы бір қолданушы: «Жазалауға келгенде бізге тең келетін жоқ», — деп, қазіргі әлемде қауіпсіздіктің негізі — төзімділік екенін айтты.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



