Қазақстандық дәрігерлер белгілі әнші Қайрат Нұртастың әндерін психикалық науқастарды емдеуде пайдаланбақ. Бұл туралы «Қамшы.кз» интернет-газеті «Қайрат Нұртас сырқаттанғандарды емдей бастады» деген тақырыппен жазды.
«Жан күйзелісі бар адамдарды музыкамен емдейтіні ешкімге құпия емес», — делінген мақалада. Басылымның дерегінше, қазіргі медицина музыканың науқастарға көмектесетінін жоққа шығармайды.
Газет сілтеме жасаған мамандардың айтуынша, төмен диапазонды ер адамның дауысы жан күйзелісі бар науқастарға жақсы әсер етеді.
«Бұл науқастардың қаншалықты жазылатынын уақыт көрсетеді», — деп жазады материал авторы Гүлден Әбдібақыт.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



