Мазмұнға өту
2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі

Димаш Құдайберген Мексикаға келді: DIMENSIONS турының бес концерті

Ұйымдастырушылар бірінші кешке сұраныс көп болғандықтан Мехикода 20 қарашаға екінші концерт қосты.

Димаш Кудайберген после прилёта в Мериду, Мексика
Фото: Instagram Димаша Кудайбергена

Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Латын Америкасындағы бөлігі басталатын Мексикаға келді. Алғашқы қала – Юкатан штатының астанасы Мерида: әншіні әуежайда жергілікті жанкүйерлері қарсы алды. Мұндағы алғашқы концерт 11 қарашада Foro GNP Seguros залында өтеді.

Әнші Меридадан түсірілген кадрларды Instagram-да жариялады. «Сәлем, Мексика. Сәлем, Мерида. Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет. Концерттерге үлкен ынтамен дайындалып жатырмыз», – деп жазды Димаш. Төменде оның Меридадан бейнежазба салған жарияланымы.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Мексикада барлығы бес концерт жоспарланған. Кестені елдегі турдың ұйымдастырушысы OCESA компаниясы жариялады:

  • 11 қараша – Мерида, Foro GNP Seguros;
  • 14 қараша – Монтеррей, Auditorio Banamex;
  • 17 қараша – Гвадалахара, Auditorio Telmex;
  • 19 және 20 қараша – Мехико, Palacio de los Deportes.

Мехикодағы екінші кеш алғашқы концертке сұраныс жоғары болғандықтан қосылды. Билеттерді Ticketmaster мен eTicket сатады. Меридадағы шоу жергілікті уақытпен сағат 21:00-де басталады – бұл кезде Қазақстанда 12 қарашаның таңы атқан болады.

Димаш 14 қарашада өнер көрсететін Монтеррейде әншінің келуіне орай қала орталығында оның портреті салынған мурал пайда болды. Оны Antonio Art Mural деген атпен танымал жергілікті суретші салды. Бұл бастама Dimash&DearsRegiasMty фан-клубынан шықты, оған мексикалық Dears por Dimash жанкүйерлер бірлестігі қолдау көрсетті.

Монтеррей орталығындағы үй қабырғасына салынған Димаш Құдайбергеннің портреті бар мурал
Фото: Dimashnews.com

Мексикадан кейін тур Оңтүстік Америкада жалғасады: Димаш 22 қарашада Боготада, 24 қарашада Сантьягода, 1 желтоқсанда Лимада өнер көрсетеді. 12 желтоқсанға Индонезиядағы концерт жоспарланған.

DIMENSIONS – Димаштың жаңа шоуы. Ол тек дауыс өнерін көрсету үшін ғана ойластырылмаған: әнші сахнада өзінің әр қырын – шығармашылығын, мәдени тамырын және ішкі сезімдерін ашады. Мексикаға дейін тур Еуропада өтті, 30 қазанда әнші Мадридте алғаш рет концерт берді. Ал қыркүйекте Димаш студияда DIMENSIONS турына қалай дайындалып жатқанын көрсеткен еді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз