Мемлекеттің балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы заң жобасын әзірлеуіне міндетті түрде қажеттілік болмаған: оның орнына бүкіл әлемдегідей мектептегі және мектептен кейінгі білім беруге медиаақпараттық сауаттылықты енгізуге болатын еді. Бұл пікірді Internews Kazakhstan заңгері Ольга Диденко «Радиоточкадағы» Светлана Британованың «В рабочий полдень» авторлық бағдарламасының эфирінде айтты.
«Мемлекет, оның ішінде парламент те, жобаны әзірлеуге бастамашы болмауы мүмкін еді», — деді Диденко. Оның сөзінше, ата-аналармен де жұмыс істеу керек еді. Олар көбіне теледидарға, интернетке және компьютерлік ойындарға сеніп, тәрбие жауапкершілігін соларға артып қояды, ал балалар қараусыз қалады.
Заңгер өз ұйымының ұстанымын түсіндірді. Оның айтуынша, БАҚ-пен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктің міндеті — заңды орындауға ыңғайлы ету, онда таңбасыз өнім шығаруға тыйым салу сияқты ауыр әрі қатаң шаралар болмауын қамтамасыз ету. Заң жобасы енгізіліп қойғандықтан, Диденко депутаттармен бірлесіп, «бұл заңды телекомпаниялар мен баспа бұқаралық ақпарат құралдарына орындауға ыңғайлы ету» үшін жұмыс істеуді ұсынады.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



