Мазмұнға өту

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлу сенбі күні Қазақстанға келеді

Түркия премьерін көлік министрі Бинали Йылдырым сүйемелдейді, ал келіссөз Кәрім Мәсімовпен өтеді.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлу сенбі күні Қазақстанға келеді. Бұл туралы Trend.az түріктің IHA агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Давутоғлумен бірге Түркияның көлік, теңіз істері және коммуникация министрі Бинали Йылдырым келеді. Түркия премьері Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен өңірлік мәселелерді және екіжақты қарым-қатынасты дамытуды талқыламақ.

Қазақстанға салынған инвестиция көлемі бойынша Түркия АҚШ, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядан кейін төртінші орында тұр – екі миллиард доллар. Қазақстанда 1800-ден астам түрік компаниясы жұмыс істейді, бұл басқа шет мемлекеттердің компанияларынан көп. Түрік мердігерлерінің Қазақстандағы жобаларының жалпы құны шамамен 17,5 млрд доллар.

Соңғы үш жылда екі ел арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, екі миллиард доллардан төрт миллиард долларға жетті. Екі мемлекет басшылары қабылдаған «Жаңа синергия» бағдарламасы бойынша оны 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. Түркияның барлық жер серіктері «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз