Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Жұмабаевқа жұмыс орнында балағат сөз айтқаны түсірілген жанжалды видео үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы «Диапазон» басылымы хабарлады.
Видео интернетте бірнеше ай бұрын пайда болған. Алға ауданының әкімі Мавр Абдуллиннің айтуынша, жазба 2013 жылы түсірілген. Ол кезде Жұмабаев аудан әкімі аппаратының басшысы болған, ал әкімнің орынбасары қызметіне 2014 жылы тағайындалған.
«Мемлекеттік қызметшінің бұлай сөйлеуге болмайтынын жақсы білеміз», – деді Абдуллин.
Алға ауданы Қазақстанның батысындағы Ақтөбе облысында орналасқан.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



