Мазмұнға өту

Астанада Әл-Фараби даңғылындағы қиылыс 30 қарашаға дейін жабылады

Қозғалыс Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесі арасындағы учаскеде жол төсемі салынып жатқандықтан толық тоқтатылады.

Схема перекрытия перекрёстка улицы Хусейн бен Талал и проспекта Аль-Фараби в Астане

Астанада 5–30 қараша аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толық жабылады. Шектеу құрылыс жұмысына байланысты енгізіліп отыр. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Мердігер Әл-Фараби даңғылының Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскесінде жоба бойынша жұмыс жүргізіп, оның ішінде жол төсемін салып жатыр. Қиылыс жабық тұрған кезде уақытша жол белгілері мен айналма жол көрсеткіштері қойылады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүретін бағытын шектеуді ескере отырып, алдын ала жоспарлауды сұрады.

Бұл қиылыс күзде де жабылған еді. Қыркүйекте мұнда мердігер инженерлік желілерді тартып, жолдың негізін дайындаған кезде қозғалыс бес күнге тоқтатылған болатын.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз