Мазмұнға өту

Алматыда сот дәріханаға тіркелмеген дәрі үшін 424 мың теңге айыппұл салды

Сот мәліметінше, жоспардан тыс тексеру кезінде дәріханадан Қазақстанда қолдануға рұқсат етілмеген «Розулип» препараты табылған.

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Махімus» ЖШС дәріханасына тіркелмеген дәрі сақтағаны үшін 424 200 теңге айыппұл салды. Бұл туралы Zakon.kz сайты сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сот хабарламасында айтылғандай, биылғы ақпанда «Махімus» ЖШС дәріханасын жоспардан тыс тексеру кезінде «Фармацевтический завод Эгис» ЖАҚ өндірген «Розулип» препараты табылған. Сот мәліметінше, бұл дәрі Қазақстанда тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген, ал оның сапасын растайтын қауіпсіздік сертификаты болмаған.

Айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 2-бөлігі бойынша — адам денсаулығына зиян келтірмеген, тіркелмеген дәрілік заттарды сақтағаны үшін тағайындалды. Оның көлемі 200 айлық есептік көрсеткішке тең.

«Қаулы заңды күшіне енген жоқ», — деп нақтылады сотта.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз