Мазмұнға өту

«Келінка Сабина 2» фильмінің жабық көрсетілімі премьерадан үш күн бұрын өтеді

Нұртас Адамбайдың жаңа фильмінің ресми премьерасы 17 наурызға белгіленген, авторлар оны Наурызға арналған сыйлық деп атайды.

«Келінка Сабина 2» фильмінің жабық көрсетілімі дүйсенбіде, ресми премьерадан үш күн бұрын өтеді. Фильм 2016 жылғы 17 наурызда прокатқа шығады.

Фильмді Sulpak Cinema компаниясы, Нұртас Адамбай және NURTAS PRODUCTION түсірді. Авторлар жаңа туындыны «қазақстандықтарға Наурызға арналған сыйлық» деп атайды.

Жалғасының оқиғасы Жүгері ауылында өрбиді. Басты кейіпкер Сабина онда жаңа отбасымен тұрады. Ол апашкасы мен аташкасымен тату, күйеуі Жәнібекті жақсы көреді, Алтыншашпен дос. Сабина келінкаларға арналған оңалту орталығында жиналыс өткізіп, құрбыларына отбасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектеседі.

Кейіпкерлер бірігіп ашық аспан астындағы кинотеатр, дайвинг-орталық, «Жүгеры де-люкс» спа-салонын және психолог кабинетін ашады. Тыныш өмірге хат тасушы Мәди мен сұлу Қарлығаштың келуі өзгеріс әкеледі. Авторлар Сабина мен Жәнібектің махаббаты қаншалықты берік екеніне және Қарлығаштың келуі олардың отбасылық бақытына қалай әсер ететініне жауап беруге уәде етеді.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз