Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Қонаевта алтыншы сынып оқушысы мектепте құлап, қаза тапты

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, жедел жәрдемді 20 минуттан астам күтуге тура келген.

Коридор школы-гимназии в Конаеве, где учился погибший шестиклассник
Фото: Almaty.tv

Қонаевта мектеп-гимназияның үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауынан құлаған 11 жастағы оқушы көз жұмды. Балаға ота жасалғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады: дәрігерлер 18 қарашада сағат 10:00-де оның қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Almaty.tv. Қонаев полициясы Қылмыстық кодекстің 141-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиға 16 қарашада, екінші ауысым сабақтары басталар алдында болған. Алтыншы сынып оқушысы баспалдақ қоршауына отырып, тепе-теңдігін жоғалтып, құлап кеткен. Қасынан өтіп бара жатқан екі оқушы көмекке жүгірген, мұғалім жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін балаға мектеп дәрігері көмек көрсеткен. Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, жедел жәрдемді 20 минуттан астам күтуге тура келген.

Көптеген жарақат алған бала қалалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Емдеуге қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі дәрігерлер тартылды. «Алматы қаласынан және облыстан келген балалар нейрохирургымен кеңескеннен кейін пациентке ота жасалды», — деді қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Айдос Кизатов. Отадан кейін баланың жағдайы өте ауыр күйінде қалған.

Мектеп директоры Гүлзат Ержанова оқушыны тәртіпті, жақсы оқитын және сыныптастарымен тіл табыса білетін бала ретінде сипаттады. Ол бұл мектепте шамамен екі ай оқыған. Қаза болу мән-жайын полиция анықтап жатыр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз