18 қарашада кешке Алматының Бостандық ауданында, Серкебаев даңғылындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Құтқарушылар подъезден 10 адамды, оның ішінде бір баланы шығарды. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде үйдің іші қатты түтіндеп тұрған. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары жанған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бірден адамдарды іздеп, шығаруға кірісті. Бір адам үшінші қабаттың терезесінен үш буынды сатымен түсірілді. Тағы тоғыз адам, оның ішінде бала, құтқару қалпақтарын киіп, баспалдақ арқылы шығарылды. Өрт сөндірілді.
ТЖМ құтқару операциясының видеосын Telegram-да жариялады:
Ведомство өрттің шығу себебін атамады. 15 қарашада Алматыда Брусиловский көшесіндегі спорт мектебінде ірі өрт болған еді.



