«Ақтөбе» команда капитаны Бағдат Қайыровпен қоштасты. Қазақстан құрамасының 33 жастағы қорғаушысының келісімшарты аяқталды, клуб бұл туралы 18 қарашада Instagram парақшасында жариялады: «Біз «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі әрі командамыздың капитаны Бағдат Қайыровпен қоштасамыз». Қайыровтың мансабын қай жерде жалғастыратыны әзірге белгісіз.
«Ақтөбенің» капитанға алғыс айтқан қоштасу жазбасы:
Қайыров — ақтөбелік академияның түлегі. Ересектер арасындағы мансабын Бірінші лигадағы «Каспийде» бастаған, «Ақтөбе» сапында алғаш рет 2015–2016 жылдары ойнаған, кейін «Қайсар», «Ордабасы» және «Тобыл» клубтарында өнер көрсетіп, 2024 жылы туған клубына оралды. Ол «Ақтөбе» сапында барлығы 160 ойын өткізіп, 3 гол соқты, 6 рет гол пасын берді, ал 2024 жылы командамен бірге Қазақстан кубогын жеңіп алды.
Соңғы маусым қорғаушы үшін сәтсіз болды: жарақатқа байланысты ол 2026 жылы «Ақтөбе» сапында небәрі сегіз ойынға шықты.



