Мазмұнға өту
2026 жылғы 19 қараша, бейсенбі

Балқаштағы ЖКО: ұшқын шашқан Mercedes екі көлікке соқтығысты

Дөңгелегінің астынан ұшқын шашқан көлік түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, GTA 6 туралы әзілдерге арқау болды.

Mercedes с лопнувшим колесом едет по улице Балхаша, из-под колёс летят искры
Фото: Instagram/news_agency_balkhash

Балқашта дөңгелегі жарылған Mercedes-Benz жол бойы ұшқын шашып сырғып, екі көлікке соқтығысты. Апат 18 қарашада сағат 22:10 шамасында Абай және Мусин көшелерінің қиылысында болды, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Mercedes-Benz жүргізушісі жарылған дөңгелектің салдарынан көлікті басқара алмай, Toyota Camry және Changan CS75 көліктеріне соқтығысқан. ЖКО-ның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұшқын шашқан көлікті куәгерлер видеоға түсірген. Пікірлерде қолданушылар жүргізушіні «елес жарысшы» деп атап, оны GTA 6 ойнауға асығып бара жатыр деп әзілдеді. Полиция дәл осы видеоның астында түсініктеме берді:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз