Мазмұнға өту

«Жеңіс» Филиповичпен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты

Астанада өткізген жарты маусымда хорват Премьер-лига мен Қазақстан кубогының 18 ойынында 8 гол соқты.

Андрия Филипович в форме «Жениса»
Фото: ФК «Женис»

Елордалық «Жеңіс» 29 жастағы хорватиялық шабуылшы Андрия Филиповичпен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты. Жаңа келісім туралы клуб Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Informsports.

Филипович «Жеңіске» 2026 жылдың маусымында ауысып, көп ұзамай команданың негізгі мергендерінің біріне айналды: Премьер-лига мен Қазақстан кубогының 18 ойынында ол 8 гол соғып, 2 рет гол пасын берді. Хорват қазақстандық футболмен бұрыннан таныс — бұған дейін ол «Атырау» мен «Ақтөбеде» ойнаған, сондай-ақ ирактық «Әл-Талаба» сапында өнер көрсеткен.

2026 жылғы маусымды «Жеңіс» Премьер-лигада 30 ойында 36 ұпаймен сегізінші орында аяқтап, Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жетті. Астанадағы маусымаралық жұмыс мұнымен тоқтамауы мүмкін: KazFootball.kz мәліметінше, клуб «Елімайдың» 28 жастағы жартылай қорғаушысы Ақмал Бахтияровпен келісімге жақын, бірақ әзірге бұл ресми түрде расталған жоқ.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз