Мазмұнға өту
2026 жылғы 26 қараша, бейсенбі

ІІМ үш күнде заңсыз айналымнан 188 атыс қаруын алды

Жыл басынан бері полиция заңсыз айналымнан 2,2 мыңнан астам қару алды, оның 162-сі 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Оружие, изъятое полицией в ходе мероприятия «Правопорядок»
Фото: МВД РК

20–22 қарашада полиция бүкіл ел бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп, 188 атыс қаруын алды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі. Олардың арасында 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және басқа да 46 қару бар. Бұған қоса полицейлер түрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіледі.

Соның бір мысалын ІІМ Криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал келтірді: 20 қарашада Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғыннан ойық ұңғылы мылтық, тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі, пневматикалық мылтық, сигнал тапаншасы және түрлі калибрдегі 28 оқ табылды.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам қару алынды. Оның 190-ы қылмыстық қаруға жатады, ал 162-сі 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. ІІМ заңсыз сақталған қаруды іздеу жалғаса беретінін мәлімдеді.

«Құқықтық тәртіп» жылына бірнеше рет өткізіледі. Алдыңғы кезеңде, 20–23 қазанда, полицейлер 170-тен астам атыс қаруы мен 800-ден астам оқ-дәріні алған. ІІМ заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз