Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Аида Кауменова әкесінің дүниеден өткенін хабарлады

Дизайнерге Толқын Забирова, Тамара Асар, Анна Данченко және басқа да белгілі қазақстандықтар көңіл айтты.

Казахстанский дизайнер Аида Кауменова
Фото: Instagram Аиды Кауменовой

Қазақстандық дизайнер Аида Кауменова әкесі Мұрат Кауменовтың дүниеден өткенін хабарлады. «Әкем дүниеден өтті. Кауменов Мұрат», — деп жазды ол Instagram-да. Әкесінің қашан және неден қайтыс болғанын дизайнер нақтыламады.

Кауменова жазбасында әкесінің өзіне әрдайым сенгенін еске алып, оның мына сөзін келтірді: «Қызым, мен өзім әкесіз өстім, сондықтан әрдайым жандарыңда болып, үнемі сендерге қамқорлық жасаймын». Дизайнердің бұрын айтуынша, конструктор-модельер мамандығын таңдауға дәл әкесі кеңес берген.

Аида Кауменованың жазбасы:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Жазбаның астына Толқын Забирова, Тамара Асар, Анна Данченко, Гүлнұр Оразымбетова, Динара Сатжан, Жания Джуринская, Құралай Нұрқадилова және көптеген жазылушылар көңіл айтты. «Көңіл айтамын, ол лайықты адамды тәрбиелеп өсірді», — деп жазды қолданушылардың бірі.

Аида Кауменова 1976 жылы Сарқан қаласында туған. Ол сән үйін 2007 жылы ашқан, қазір оның Астана, Алматы және Шымкентте филиалдары бар. Кауменова 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасын киіндірген, «Астана Опера» труппасына костюмдер тіккен және Kazakhstan Fashion Week аясында коллекцияларын үнемі көрсетіп келеді. Продюсер Баян Алагузова атақты фильм кейіпкерінің киімінің көшірмесі — «Қыз Жібек» камзолын дәл осы сән үйінде қайта жасатқан.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз