Мазмұнға өту
2026 жылғы 22 қараша, жексенбі

СҚО мен Қостанай облысында тас жолдар бір сағатқа жабылды

22 қарашаға екі облыста да дауылды ескерту жарияланған: синоптиктер жаңбыр аралас қар, көктайғақ және екпіні 20 м/с-қа дейін жететін жел болады деп күтуде.

Заснеженная республиканская трасса в Казахстане
Фото из архива

Жексенбі, 22 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында республикалық маңызы бар тас жолдардың төрт учаскесі бір сағатқа жабылды. Көліктің барлық түрі үшін шектеу сағат 12:00-де енгізіліп, 13:00-де қозғалыс қайта ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Шектеу мына учаскелерде қойылды:

  • «Қостанай — Мамлютка», 226–406 шақырым — Қостанай облысының шекарасынан Мамлютка қаласына дейін (СҚО);
  • «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы», 11–73 шақырым — Петропавлдан Ресей шекарасына дейін;
  • «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы», 491–521 шақырым — Петропавлдан Мамлютка қаласына дейін;
  • «Қостанай — Мамлютка», 163–226 шақырым — Ұзынкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін (Қостанай облысы).

Жолдардың ашылғаны туралы хабарламаны «ҚазАвтоЖол» Telegram-да жариялады.

Солтүстіктегі тас жолдардағы жағдай бірнеше күннен бері құбылып тұр. 20 қарашада таңертең «Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы» жолының дәл осы учаскесі тұман мен көріну қашықтығының нашарлауына байланысты жабылған еді. Сол күні қолайсыз ауа райы салдарынан Астана — Павлодар тас жолы жабылды, ал жексенбіге қараған түні Ақтөбе — Қарабұтақ жолында шектеу қойылды.

22 қарашаға Астана мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланған. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында синоптиктер жаңбыр аралас қар, тұман, көктайғақ және екпіні 15–20 м/с жел болады деп күтуде. Жолдың ашық-жабығын «ҚазАвтоЖолдың» 1403 нөміріндегі байланыс орталығынан тәулік бойы білуге болады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз