Мазмұнға өту

Сараптама заңгер Михаил Кленчиннің өз-өзіне қол жұмсағанын растады

Алматы полициясы 35 жастағы заңгердің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатты.

Алматыда заңгер Михаил Кленчиннің өліміне қатысты сот-медициналық сараптама аяқталды. Сарапшылар оның өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады. Бұл туралы Today.kz қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Сот-медициналық сараптама Михаил Кленчиннің өз-өзіне қол жұмсағанын анықтады», — деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, ақпан айының басында сотқа дейінгі тергеу қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.

Кленчиннің қайтыс болғаны 2015 жылғы желтоқсанда белгілі болған. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы марқұмға тиесілі қаруды алып кеткен.

Михаил Кленчин 35 жаста еді. Ол қоғамдық жұмыспен белсенді айналысып, Қаржы қызметтерін дамыту ұлттық қорын басқарған.

Қайтыс болғаннан кейін Қазақстан заңгерлер лигасы Кленчинге «Жылдың халық заңгері» атты алғашқы қазақстандық интернет-сыйлықты берді. Лига бұл шешімін оның белсенді азаматтық ұстанымымен, жоғары біліктілігімен және БАҚ-тағы жарияланымдарымен түсіндірді.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз