Мазмұнға өту

Қазақстан әскери қызметшілері міндетті зейнетақы жарналарынан босатылды

Қазіргі әскери қызметшілер мен толық емес зейнетақы алушылар мемлекет олар үшін аударған жинақтың жартысын қайтаруы тиіс.

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды. Бұл зейнетақы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістерде қарастырылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдары 10 жылдан аз әскерилер үшін бюджет қаражаты есебінен БЖЗҚ-ға ақшалай үлестің 20 пайызы мөлшерінде жарна енгізілген еді. Түзетулер арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақ, сыныптық шен және нысанды киім киюге құқығы жойылған адамдарға да қатысты.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бұрынғыша ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде жарна төлейді.

2016 жылғы 1 қаңтардан кейін еңбек сіңірген жылдары немесе жалпы еңбек өтілі 25 жылдан асатын, оның ішінде 12,5 жылы үздіксіз әскери қызмет болған әскерилер зейнетақыны толық көлемде алады. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызы қайтарылған жағдайда толық көлемге дейін қайта есептеледі.

Мемлекет аударған жинақтың жартысын қазіргі әскери қызметшілер, толық емес зейнетақы алушылар, сондай-ақ қызметке 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғаш кіріп, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алу құқығымен қызметтен босатылғандар қайтаруы тиіс. Зейнетақысы толық көлемде тағайындалған әскери зейнеткерлерге бұл өзгерістер қатысты емес.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз