Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданындағы Қараспан ауылында жергілікті мектептің сегізінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Бала 2002 жылы туған.
Баланы ата-анасы тауып алған. Оны құтқарып қалу мүмкін болмады.
ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының қазасы бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын полиция анықтап жатыр.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



