Мазмұнға өту

Астана соты Қазақ соқырлар қоғамының бұрынғы басшысына үкімді өзгертпеді

Апелляциялық алқа аудандық соттың 2015 жылғы желтоқсанда Б. Әубәкіров пен А. Оспановаға шығарған үкімін күшінде қалдырды.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы 16 ақпанда «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бұрынғы президенті Б. Әубәкіров пен А. Оспановаға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімді 2015 жылғы 28 желтоқсанда Астананың Алматы ауданының №2 аудандық соты шығарған. Сот мәліметінше, Әубәкіров Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы және 148-бабының 1-бөлігі бойынша сотталған. Сот оған мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ оған бес жыл бойы басшылық лауазым атқаруға тыйым салынды.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, А. Оспанова Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі және 176-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы бойынша 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды. Оған да үш жыл бойы басшылық лауазым атқаруға тыйым салынды.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз