Мазмұнға өту

ОҚО-дағы Манкент ауылында той қонағы мылтықпен бес адамды жаралады

Оқиға 4 қыркүйекте Сайрам ауданында болды, зардап шеккендердің бәрі – тойға келген қонақтар.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Манкент ауылында тойға келген қонақтардың бірі мылтықпен оқ атты. Тойдың бес қонағы оқтан жараланды. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап, «Радиоточка» хабарлады.

Оқиға 4 қыркүйекте болған. Otyrar.kz мәліметінше, оқты той қонақтарының бірі атқан. «Нәтижесінде бес қонақ оқ жарақатын алды», – делінген хабарламада.

Хабарламада оқ атқан адамның аты-жөні және зардап шеккендердің жағдайы айтылмаған. Оқ ату дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Сайрам ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласының іргесінде орналасқан.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз