Мазмұнға өту

Макинск — Ақсу — Торғай тасжолының 65 шақырымы жөнделді

Учаскеге жаңа асфальт төселумен қатар көктемде су жолдан асып кетпеуі үшін үш су өткізу құбыры жөнделді.

Отремонтированный участок трассы Макинск — Аксу — Торгай в Акмолинской области

Ақмола облысында республикалық маңызы бар Макинск — Ақсу — Торғай тасжолының 175–240 шақырым аралығындағы учаскесі орташа жөндеуден өтті. Жаңартылған 65 шақырым жолда қозғалыс ашылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады.

Учаске Торғай, Бестоғай, Байсары және Сілеті ауылдары арқылы өтеді. Ескі жабын ресайклинг әдісімен қайта өңделіп, асфальтбетонның екі қабаты төселді. Нысанда 80 маман мен 52 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмыс істеді.

Су басатын бөліктерде үш су өткізу құбыры жөнделді. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде судың жол үстінен асып кету қаупін азайтуға тиіс. Сондай-ақ тасжолға 169 жаңа жол белгісі орнатылып, жол таңбасы салынды.

Жазда осы жолдың басқа бөлігінде — 31–71 шақырым аралығындағы 40 шақырымда да жөндеу жүрді. «ҚазАвтоЖолдың» өңірлік филиалы облыстағы 2 347 шақырым республикалық жолдың шамамен 200 шақырымын нормативтік жағдайға келтіру қажет екенін, ал бұл жұмыстардың негізгі бөлігін, оның ішінде Макинск — Ақсу — Торғай жолының қалған учаскелерін 2026 жылы аяқтау жоспарланғанын хабарлаған еді. Бір күн бұрын БҚО-да да ірі жол жобасы аяқталды: онда Ресей шекарасына дейінгі тасжол толық асфальтталды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз