Мазмұнға өту

Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы жолы толық асфальтталды

Ұзындығы 144 шақырым болатын бұл жол Оралды Орынбормен байланыстырып, Қарашығанақ кен орны мен Ақсай қаласына апарады.

Обновлённая дорога Подстепное – Федоровка – граница России в Западно-Казахстанской области

Батыс Қазақстан облысында ұзындығы 144 шақырым болатын «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының бүкіл бойына асфальт төселіп бітті. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Қараша айының соңына дейін жолға белгі сызылып, жер рекультивацияланады, жол жиегіне көпжылдық шөп егіледі.

Трасса төрт учаскеге бөлінген. Шеткі учаскелер – 0–36 және 108–144 шақырымдар «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының балансында тұр. Олар бұған дейін жөнделіп, пайдалануға берілген.

36–108 шақырым аралығындағы екі орталық учаске 2024 жылдан бері «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясының қаржысына қайта жаңартылып келеді. Онда негізгі жұмыстар аяқталып, асфальт төселді.

Бұл – өңірдегі негізгі жолдардың бірі. Ол Оралды Орынбормен байланыстырып, Қарашығанақ кен орны мен Ақсай қаласына апарады, жолмен үнемі ауыр жүк көліктері жүреді. Жөндеу 2022 жылы басталған. Биыл көктемде 24KZ телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап, жобаның жалпы құны 55 млрд теңгеден асатынын, трассаның жартысы республикалық бюджет есебінен жөнделетінін хабарлаған.

Бұған дейін Көлік министрлігі соңғы алты жылда Қазақстанда 31 мың шақырым жол жаңартылғанын мәлімдеген.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз