Мазмұнға өту

Джошуа Ван UFC белбеуін Торонтода Кейпке қарсы қорғайды

Кештің екінші басты жекпе-жегінде бразилиялық Карлос Пратес пен жеңіліс көрмеген эквадорлық Майкл Моралес жартылай орта салмақтағы уақытша титулды сарапқа салады.

Бой за титул UFC в наилегчайшем весе Джошуа Ван — Манель Кейп

UFC ұйымы UFC 336 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады: ең жеңіл салмақтағы чемпион Джошуа Ван (18-2) титулын португалиялық Манел Кейпке (23-7) қарсы қорғайды. Турнир 2027 жылғы 30 қаңтарда Канаданың Торонто қаласындағы «Скоушабэнк-аренада» өтеді. Бұл — ұйымның жаңа жылдағы алғашқы нөмірлі турнирі.

Мьянмада туған Ван чемпиондық белбеуді 2025 жылғы желтоқсанда UFC 323 турнирінде бразилиялық Алешандре Пантожадан тартып алған. Содан бері ол титулын екі рет қорғады: UFC 328-де жапониялық Тацуро Тайраны жеңді, ал қыркүйекте UFC 331-де Пантожамен қайта кездесуде төрешілердің бірауызды шешімімен басым түсті. Жапонияның RIZIN лигасының бұрынғы чемпионы Кейп үшін бұл UFC-дегі алғашқы титул үшін жекпе-жек болмақ. Португалиялық соңғы төрт кездесуінің бәрін нокаутпен немесе техникалық нокаутпен ұтты, олардың қатарында Брэндон Ройвал мен Кёдзи Хоригути бар.

Кештің екінші басты жекпе-жегінде бразилиялық Карлос Пратес (24-7) пен эквадорлық Майкл Моралес (19-0) жартылай орта салмақтағы уақытша титулды сарапқа салады. UFC бастапқыда Торонтода Пратесті қазіргі чемпион Ислам Махачевпен кездестірмек болған, бірақ қаңтардағы күн чемпионға сәйкес келмеді. Пратес соңғы үш жекпе-жегінде Джефф Нилді, Леон Эдвардсты және Джек Делла Маддаленаны нокаутқа жіберді. Моралес кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген, UFC-де жеті рет жеңіске жетті. Ол октагонға соңғы рет 2025 жылғы қарашада шығып, Шон Брэдиді нокаутқа жіберген.

Басты жекпе-жектің анонсын UFC Canada ресми аккаунты Instagram-да жариялады.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Екі титулдық жекпе-жек те қазақстандық спортшылар өнер көрсететін дивизиондарда өтеді. Ең жеңіл салмақтағы рейтингте Асу Әлмабаев бесінші орында тұр. Ол 2025 жылы Манел Кейпке есе жіберген. Жартылай орта салмақта Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді. Ол 2026 жылдың басында екінші отадан кейін UFC рейтингінен шығып қалды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз