Мазмұнға өту

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда 22 млн тоннадан астам астық күтеді

Қыркүйектің ортасына қарай диқандар 11,1 млн гектар алқапты жинап, гектарына 14,9 центнерден 16,5 млн тонна астық бастырды.

Қазақстанда 11,1 млн гектар, яғни дәнді дақылдар алқабының 72%-ы жиналды. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық кеңесінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Қанат Айтуғанов хабарлады. Министрліктің болжамы бойынша, жалпы астық өнімі 22 млн тоннадан асады.

Айтуғановтың айтуынша, диқандар 16,5 млн тонна астық бастырып үлгерді. Орташа өнімділік гектарына 14,9 центнер болып отыр, бұл былтырғыдан 3,4 центнерге көп.

Оңтүстік өңірлер дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, күріш орағына кірісті. Батыс Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталды. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында алқаптың 76–88%-ы жиналды.

8 қыркүйекте «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ жаңа өнім астығының сатып алу бағасын жариялады. 3-сыныпты бидайдың бір тоннасына 41–50 мың теңге, 4-сыныпты бидайға 34–36 мың теңге, 5-сыныпты бидайға 30 мың теңге ұсынылады. 2-сыныпты арпа 25 мың теңге деп бағаланды.

Биылғы ауа райы орақ қарқынына да, өнім сапасына да қолайлы.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз