Мазмұнға өту

Иран балуаны Хедаяти Астанада 42 секундта әлем чемпионы атанды

Финалға дейінгі жолда ирандық балуан қазақстандық ауыр салмақшы Олжас Сырлыбайды 8:0 есебімен ұтты.

Схватка на чемпионате мира по греко-римской борьбе в Астане

Ирандық балуан Фардин Хедаяти грек-рим күресінен 130 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол 26 қазанда Астанада өткен әлем чемпионатының финалында венгр Дариус Витекті 42 секундта жауырынымен жерге тигізді. Таза жеңіске жеткен сәтте есеп 8:0 болатын.

Витек финалда бірде-бір ұпай ала алмай, күміс медальмен қанағаттанды. Ең ауыр салмақтағы қола медальдар үшін беларусь Павел Глинчук пен өзбекстандық Рафаэль Цицуашвили, сондай-ақ финн Куосманен мен қытайлық Цзян Вэньхао белдесті.

Хедаяти алтынға дейін төрт қарсыласынан өтті. Литвалық Ромас Фридрикас жарақатына байланысты кілемге шыға алмады. Қазақстандық Олжас Сырлыбай мен қытайлық Цзян Вэньхаоны ирандық балуан бірдей 8:0 есебімен ұтты, ал жартылай финалда Куосманенді жеңді.

Финалдық белдесудің сәтін әлем чемпионатын өткізіп отырған Біріккен күрес әлемі (UWW) Instagram-да жариялады.

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Әлем чемпионаты — еркін, грек-рим және әйелдер күресі балуандары үшін маусымның басты жарысы. Биыл оны Астана қабылдап отыр, белдесулер «Барыс Аренада» өтуде. 26 қазанда грек-рим күресінің үш салмағында — 72, 97 және 130 келіде медальдар сарапқа салынды.

Хедаяти әлем чемпионатына жолдаманы маусым айында Иранның іріктеу жарысында жеңіп алды. Шешуші белдесуде ол екі дүркін әлем чемпионы Амин Мирзазадені ұтты, ал UWW бұл жеңісті оның мансабындағы ең ірі жеңіс деп атады.

Қазақстан құрамасы үшін 130 келідегі сайыс медальсыз аяқталды: Сырлыбай қола медаль үшін белдесуге шыға алмады. Бір күн бұрын ол Ислам Евлоев және Алматбек Аманбекпен бірге алтын үшін күрестен шығып қалды. Ал үйдегі чемпионатта Айдос Сұлтанғали мен Исхар Құрбаев қола медаль жеңіп алды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз