Мазмұнға өту

Сұлтанғали мен Құрбаев Астанадағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды

Құрбаев қола медаль үшін белдесуде қарсыласына бір ұпай да бермеді, ал Сұлтанғали Париж олимпиадасының күміс жүлдегерін жеңді.

Исхар Курбаев на чемпионате мира по греко-римской борьбе в Астане

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуандары Айдос Сұлтанғали мен Исхар Құрбаев 25 қазанда Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. 55 келіге дейінгі салмақта Құрбаев үндістандық Лалитті 9:0 есебімен ұтты, ал 60 келі салмақта Сұлтанғали қытайлық Цао Лигоны 5:1 есебімен жеңді.

Біріккен күрес әлемі (UWW) рейтингінде Құрбаевтың қарсыласы өз салмағында сегізінші орында тұр, қазақстандық балуан — 37-орында. Медальға дейінгі жолда Құрбаев жапониялық Кагэтору Окамотоны, өзбекстандық Ихтиёр Ботировты және молдовалық Артём Деляну ұтып, жартылай финалда ирандық Паям Ахмадиге есе жіберді.

Сұлтанғали — әлемнің қазіргі чемпионы: 60 келі салмақтағы бұл атақты ол 2025 жылы Загребте жеңіп алған. Бұған дейін ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарында қола жүлде алған. Қола үшін белдесудегі қарсыласы Цао Лиго — 2024 жылғы Париж олимпиадасының күміс жүлдегері.

Күрестен әлем чемпионаты Астанада екінші рет өтіп жатыр: елорда бұл турнирді алғаш рет 2019 жылы қабылдаған.

Бір күн бұрын Сұлтанғали мен Құрбаев жартылай финалға жолдама алған еді: Сұлтанғали 1/8 финалда 0:3 есебімен артта қалып барып жеңіске жетті. Алайда финалға шығу жолында екеуі де жеңіліп қалды да, үшінші орын үшін белдесуге түсті.

25 қазанда тағы үш қазақстандық балуан — Аманбек, Евлоев және Сырлыбай алтын үшін күрестен шығып қалды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз