Absolute Championship Akhmat (ACA) лигасы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Бақытжанұлы мен ресейлік Алексей Буториннің қайта кездесетінін ресми түрде жариялады. Жекпе-жек желтоқсанда Бішкекте өтетін ACA 210 турнирінде ұйымдастырылады. Бұл — лиганың Қырғызстан астанасындағы алғашқы турнирі.
Бақытжанұлының есебінде 19 жеңіс, 6 жеңіліс және бір тең нәтиже бар, Буторинде — 17 жеңіс пен 4 жеңіліс. Лига бұл хабарды Instagram парақшасында жариялады.
Қарсыластар алғаш рет 2020 жылғы 19 қыркүйекте Мәскеуде өткен ACA 111 турнирінде кездескен: ол кезде Буторин үшінші раундта нокаутпен жеңген.
Сол жекпе-жектен кейін Буторин бес жыл бойы торға шықпады. Ол өткен жылдың қарашасында оралып, Максим Гришинді бірінші раундта нокаутқа жіберді. Бақытжанұлы соңғы рет шілдеде шығып, Виталий Бигдашты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Бұған дейін лига ACA 210 турниріне жартылай жеңіл салмақтағы бос белбеу үшін Махарбек Каргинов пен Алимардан Абдыкаровтың жекпе-жегін де жариялаған. Бұл да қайта кездесу: алғашқы жекпе-жекте Каргинов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.



