Ресейдің халық әртісі Константин Хабенскийдің Алматыда 23 қаңтарда Наталья Сац атындағы жасөспірімдер театрында өтуге тиіс шеберлік сабағы алдында жағдайы нашарлады. «Радиоточканың» мәліметінше, актердің артериялық қан қысымы күрт көтеріліп, оны шұғыл түрде қаладағы ауруханалардың біріне жеткізген.
Хабенский Алматыға Сац атындағы жасөспірімдер театрының сахнасында Патрик Зюскиндтің пьесасы бойынша қойылған «Контрабас» моноспектаклін көрсету үшін келген.
Гастроль ұйымдастырушысы Маиса Беркімбаева «Радиоточкаға» әртістің жағдайы жақсы екенін айтты. «Бәрі жақсы, бәрі керемет, ол репетицияға бара жатыр», – деді ол. Театрда да спектакль өтетінін растады.
Константин Хабенский – Ресейдің ең танымал театр және кино актерлерінің бірі, Ресей Федерациясының халық әртісі.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



