Мазмұнға өту

Дәулетбеков бейнеқайталаудан кейін ширек финалда жеңілді

Қазақстандық балуанның қола үшін күреске шығу мүмкіндігі грузин Мириан Майсурадзе 92 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан жағдайда ғана сақталады.

Азамат Даулетбеков в схватке на чемпионате мира по борьбе в Астане

Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды. 31 қазанда 92 келіге дейінгі салмақта ол грузин Мириан Майсурадзеге 3:4 есебімен есе жіберіп, үй алаңындағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Белдесудің тағдырын бейнеқайталау шешті. Соңғы сәттерде Дәулетбеков 3:4 есебімен артта қалып, сирена шығуына бірнеше секунд қалғанда екі ұпай әкелетін әдіс жасады. Бұл ұпай оны алға шығарған еді. Алайда Майсурадзенің бапкері бейнеқайталау сұрады, төрешілер ұпайды есептемей, жеңіс грузин балуанында қалды.

Майсурадзе — әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері. Ол жартылай финалда Астана уақытымен сағат 16:30-да басталатын кешкі сессияда белдеседі. Біріккен күрес әлемінің (UWW) ережесі бойынша финалистерге жеңілген балуандар жұбаныш белдесулеріне шығады. Сондықтан Дәулетбековтің қола үшін күресу мүмкіндігі грузин балуаны жартылай финалда жеңген жағдайда ғана сақталады.

Күннің алғашқы белдесуінде қазақстандық балуан Грекия құрамасындағы Дәурен Куруглиевті жеңді. Кездесу 2:2 есебімен аяқталып, жеңіс соңғы бағаланған әдіс үшін Дәулетбековке берілді.

Дәулетбеков — үш дүркін Азия чемпионы әрі әлем чемпионаттарының екі мәрте қола жүлдегері. Сол күні 74 келіге дейінгі салмақта құраманың тағы бір көшбасшысы, 2024 жылғы әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов өнер көрсетті. Ол 1/8 финалда әзербайжандық Туран Байрамовқа бір де ұпай бермей, ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадинмен кездесетін болды.

Әлем чемпионаты Астанада 24 қазаннан 1 қарашаға дейін өтеді, елорда бұл жарысты 2019 жылдан кейін екінші рет қабылдап отыр. Грек-рим күресінде Айдос Сұлтанғали мен Исхар Құрбаев финалға шыға алмағанымен, кейін қола медаль жеңіп алды. Еркін күрес балуаны Асыл Айтақын жартылай финалда жеңіліп, 31 қазан кешінде 61 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдеседі.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз