Астанадағы Достық көшесінде Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанында Chevrolet көлігі жарылды. Көлікте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде қызмет ететін, 1975 жылы туған подполковник Арман Қайдарұлы Сыздықов қаза тапты. Бұл туралы «Радиоточкаға» ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, әскери қызметші көлікте өзін-өзі жарып жіберген, ол оқиға орнында көз жұмды. Өткен-кеткендер зардап шеккен жоқ. Оқиға орнынан өлер алдында жазылған хат табылды.
Министрлік терактілік нұсқаны жоққа шығарды. Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс қозғалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы туралы толығырақ кейін хабарланатыны айтылды.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



