Астанадағы елдің бас жаңажылдық шыршасы биыл 18 желтоқсанда жағылады, ал дәстүр бойынша бұл 1 желтоқсанда өтетін. Шырша тағы да «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының алдындағы алаңға қойылады. Бұл туралы Kazpravda.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Шырша былтырғы орнында тұрады. Алаңда мұз қалашығын салу жұмысы басталып кетті.
Былтыр қалашықты қытайлық және қазақстандық шеберлер тұрғызып, 9 мың текше метрге жуық мұз жұмсаған. «Қысқы ертегіні» жасауға 200-ден астам дизайнер мен мүсінші атсалысқан.
Ол кезде бас шыршаны дәстүр бойынша 1 желтоқсанда жақты, салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті қатысты.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



