Мазмұнға өту

Ақтөбеде әлеуметтік қызметкер болып зейнеткерлерді тонаған әйелдер ұсталды

Полиция күдіктілерді Ақтөбе облысындағы ұрлық пен алаяқтықтың тоғыз эпизодына қатысты деп санайды, жалпы залал шамамен 1,5 млн теңге.

Ақтөбеде криминалдық полиция алаяқтық пен пәтер ұрлығына күдікті екі әйелді ұстады. Олардың Ақтөбе облысындағы тоғыз эпизодқа қатысы анықталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер өздерін әлеуметтік қызметкер деп таныстырып, пәтерлерге кірген. Дәл осы тәсілмен олар Алға және Мәртөк аудандарының тұрғындарын да алдаған. Жәбірленушілердің басым бөлігі — зейнеткерлер.

Алға ауданында 90 жастағы әйелдің пәтерінен 500 мың теңге ұрланған. Басқа жәбірленушілерден алтын бұйымдар ұрланған. Жалпы залал шамамен 1,5 млн теңгені құрады.

«Ұрлық» және «Алаяқтық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу изоляторында отыр. Полиция олардың елдің басқа өңірлеріндегі осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз