Мазмұнға өту

Алматыда сатып алушыларды 2 млн долларға алдаған пәтер алаяқтары сотталды

Топ бірнеше ай ішінде бөтеннің жеті пәтерін қайта ресімдеген, оның бес мүшесі әлі іздеуде.

Алматыда сатып алушыларды шамамен 2 млн долларға алдаған пәтер алаяқтарының тобы сотталды. Олар қымбат пәтерлерді жалға алып, өздерінің «нотариусы» арқылы сатқан. Бірнеше ай ішінде топ жеті пәтерді қайта ресімдеген. Алты қатысушы ұсталып, сотталды, тағы бесеуі іздеуде жүр. Бұл туралы «Экспресс К» басылымы жазды.

ІІМ криминалдық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Андрей Кучердің айтуынша, схемаға қатысушылар жоғары білімді, сырт келбеті сенім ұялататын адамдар болған. Олар қымбат киім киіп, белгілі брендтердің сағаттарын таққан, ал «сатып алушылармен кездесуге сәнді көліктермен келген».

Бәрі әдеттегі схемамен басталған. Алаяқтар қымбат жиһазы бар, еуроремонт жасалған пәтерді жалға алып, иесіне бірнеше ай бұрын ақы төлеп, жалған құжаттар дайындаған. Содан кейін газетке сәл арзандатылған бағамен сату туралы хабарландыру берген. Белгілі болғандай, бұл жеңілдік сатып алушыларды сескендірмеген. Мәмілені нотариусқа бару аяқтаған.

Кучердің айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет кездескен: алаяқтар сатылатын нотариус іздемей, оның рөлін өздері ойнаған. Олар кеңсе ашып, онда «салмақты ханым» мен оның қол астындағылар құжаттардың көшірмесін түсіріп, клиенттердің деректерін журналға жазып отырған. Сондықтан сатып алушыларда күдік тумаған, олар «әдетте сатып алған пәтерінің есігінен нағыз иесі кіргенде ғана есін жиған».

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз