Ауа райы жылынса да, Алматыда жылу мерзімінен бұрын өшірілмейді: жылыту маусымы белгіленгендей 15 сәуірде аяқталады. Сонымен қатар қала тұрғындары ыстық су мен жылу үшін миллиард теңгеге жуық қарыз болып отыр. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.
Жеткізуші қасақана төлемейтіндердің тізімін «Алматы жылу желілері» ЖШС сайтында жариялап, борышкерлерге коммуналдық қызмет көрсетуден бас тартпақ.
Былтыр 85 мың қала тұрғыны қарызы туралы хабарлама алған, бірақ олардың тек мыңы ғана есеп айырысқан — жалпы сомасы 600 млн теңгеден асады. Мамандар мұны тарифтердің өсуімен байланыстырады.
«Алматы жылу желілері» бас директорының орынбасары Марина Хохлова компания былтыр магистральдық желілердің бір бөлігін жаңартқанын айтты. «Өткен жылы кемінде 15 шақырым желі қайта жаңартылды», — деді ол. Оның сөзінше, бұл 2015 жылдың қорытындысы бойынша 136 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берген.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



